«Автоісі»профилінің апталығы
№ 29 ОМ-нің, 11Б сыныптағы АІ 19-6 тобының оқушылары АІ 19-5 және ПП 19-1 топтарында оқу-танымдық сипаттағы іс-шараларын өткізді.
Өткізілген іс-шаралардың мақсаты: жол қозғалысы қауіпсіздігіне назар аудару, ал «Автокөлік құралдарының жүргізушісі» профиліндегі оқушылар үшін жол қозғалысы ережелерін білуін тексеру.
Қойылған міндеттер аясында өткізілді:
- тақырыптық жұмбақтар мен ребустар;
- «Автокөліктің маркасы мен моделі» викторинасы, мұнда эмблема бойынша елді, шамамен шығарылған жылын және автокөліктің қысқаша сипаттамасын атау қажет болды.;
- «Мен - жаяу жүргінші, ал ертең – жүргізуші» байқауы; бұл конкурста балалар «Жол белгілері» бөлімі бойынша өз білімдерін көрсетті, жаяу жүргіншілер мен жүргізуші тұрғысынан жол қозғалысына қатысушыларға баға берді.
Бұл іс-шараға белсене қатысты: Мерей Далгожина, Максим Глаголев, Іңкәр Смаилова, Әділжан Шашкен.