"Қауырсынды достарымызға көмектесейік" экологиялық акциясы
«Қауырсынды достарымызға көмектесейік» экологиялық акциясы аясында біздің тәрбиеленушілер ата-аналарымен бірге құстарға арналған дәмді әрі пайдалы жемсауыттар дайындады. Мұндай ізгі шара құстардың қыстан қысылмай шығуына көмектесіп қана қоймай, балаларды табиғатты аялауға және қамқорлыққа баулиды.






