Сәлем, сәлем Жаңа жыл!
23 желтоқсан күні біздің бала-бақшада Жаңа жылдық таңертеңгіліктер басталды. Балалар ертегілердегі өздерінің сүйікті кейіпкерлерімен қауышты. Аяз Атамен және Ақшақармен бірге шыршаны айналып, өлең айтып, би биледі. Сондай-ақ тәтті сыйлықтарға ие болды.