"Қош бол, балабақша"
Балабақшада түлектер кеші мерекелердің маңыздысы. Ол түлектердің естеріңде мәңгіге қалу керек.
29 мамыр күні біздің балалабқшада таңертеңгілік өтті. Балалар балабақшамен қоштасып, үлкен, жаңа өмірге қадам басты. Артта өткен тамаша сәттер қалды. лда қиын сәттер болуы мүмкін, алайда оған мұңаюдың қажеті жоқ. Әр бала- топтың кішкентай жұлдызы. Әр бала өздігінше талантты. Бүгін міне, үлкен мақтанышпен мектепке шығарып салудамыз.
Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
Құрметті біздің түлектер сіздерге сәттілік пен мектеп партасында үлкен жетістіктерге жетуге тілектеспіз. Біздің есіктеріміз сіздер үшін әрдайым ашық!