Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Музыкалық ғаламшар" күні
06-06-2019 21:28

"Муызкалық ғаламшар" күні

Жаңа күніміз таңғы жаттығудан басталды. Біздің дене шынықтыру мұғалімдері " Дені сау болу -жақсы!" атты флешмоб биімен ерекше көзге түсті. Балалар белсенді би билеп, көңіл көтерді. Кейін дене жаттығуларымен өз жалғасын тапты. Медбике Дарико Базхытбекқызы  "Егер сау болғың келсе - шынық" атты тақырыпта әңгіме жүргізді.

4 отряд Балалары техникалық мектебіне барды. Практикалық сабақтарда балалар әртүрлі ұсақ-түйектер жасады: лего мен конструкторлардан роботтарды жинап, түрлі-түсті қағаздан түрлі жануарларды қиды, "Біздің алтын қолымыз"тақырыбында мастер-класс өтті. Балалр үшін өте қызықты және танымды болды. Балалармен шеберлік сыныптары өткізілді. Балалар сурет салып, креативті боди-суреттерді бейнеледі.

Балалар "Жаңа толқын"атты асфальтта сурет салу байқауына қатысты. Бұл " Павлодар дарыны "өткізген қалалық жазғы жоба. Осындай жобалардың арқасында балалардың бойында көркемдік-эстетикалық қабілеттер дамиды. 30 минут ішінде балалар жаз, демалыс және жақсы көңіл-күйдің жарқын сюжетін салды. Сурет жасауға шығармашылық көзқарас, композициялық және түрлі – түсті шешім, сондай-ақ түпнұсқалық-бұл осы жобаның ерекшеліктері мен мақсаты. Балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін аша білді.

Сонымен қатар балалар "Дос"аула клубына барды. Онда балалар арасында қызықты спорттық жарыстар өтті. Балалар риза болды!