Телефон доверия
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ғаламшар күні «Өзіңді танып біл»
11-06-2019 23:43
Ғаламшар күні «Өзіңді танып біл»

Ғаламшар күні «Өзіңді танып біл»

Бүгінгі күн "Өзіңді таны"ұранымен өтті.Есірткі заттарын қоса алғанда, психикаға белсенді заттарды (ПБЗ) пайдалану бүгінгі күні қоғам алдында аса өткір тұрған проблемалардың бірі болып табылады. Сондықтан нашақорлар санының төмендеуінде есірткілік тәуелділіктің алдын алу, бірінші кезекте жастар арасында жетекші орын алады. Алдын алу жұмысының ең тиімді әдісі ол- тренингтік сабақтар болып табылады. "Астронавтар"  лагерінде дағдарыс орталығының психологы А. А. Небельцова тренинг өткізді. Тренингте балалар есірткінің қандай түрлері бар екенін, оларды қолдану себептерін, есірткіге тәуелділік белгілерін және оның салдарын білді. Сонымен қатар, фильм көрсетіліп, рефлексивті сұрау және психолог пен балалар арасында берілген тақырып бойынша алған әсерлері туралы әңгіме жүргізілді.

Барлық орталықтар"Мафия" психологиялық ойынына белсенді қатысты. Ол тұрақты қарым-қатынасқа және қатысушылар арасындағы талқылауларға негізделеді. Ойында алдау мен қорқыту, шарттар мен альянстарды жасау мен бұзуға орын бар. Ойын нақты өмірге барынша жақын. Балаларға ойын ұнады.

Орталықтарда жоспарлы сабақтары өткізілді."Асыл мұра" Профильді орталығында "Ойнайық та, ойлайық!"атты ойын өткізілді.

"Текстознайка" орталығында "Орыс тілінде неше сөз бар?"атты лингвистикалық конференция өтті. Балалар тақырып негізінде сөздікпен, синонимдермен, антонимдермен және омонимдермен танысты. Бұл конференция оқушыларға ойлау, есте сақтау, монологиялық сөйлеуді дамытуға көмектесті. Сонымен қатар балалар А. С. Пушкиннің өмірбаяны туралы бейнеролик көрді.

"Өлкенің мәдени мұрасы" бейіндік орталығында "Күн, ауа және су ..."орталық саябаққа саяхатқа барды. Онда балалар табиғат туралы ролик көріп, "Біз қоршаған орта туралы не білеміз?" тақырыбында әңгіме жүргізді.

"Лингвистер" орталығының балалары "Менің хоббиім" тақырыбы бойынша өздерінің қызығушылығы туралы айтып, олардың кейбірін көрсетті, мысалы, көптеген балалар үстел және компьютерлік ойындармен айналысады екен. Балалар хобби түрлерінің атрибутикасы бойынша кейбір лексиканы үйренді.

"Мечта" ғаламшарының орталығында Коллекционер күні өтті. Балаларға  Кеңес дәуіріндегі белгілердің жеке коллекциясы ұсынылды. Әжелер мен аталар бұл белгілерді өздері мектепте оқыған кезде жинағаны мәлім болды.

Орталықта "Ғаламшар көрмесі " атты бұрыш безендірілді, онда кіші орталықтар үшін экскурсия өткізілді. Сондай-ақ көптеген сұрақтар да қойылды. Көптеген адамдар үшін бұл бірінші кездесу болды. Балалардың барлық сұрақтарына "Арман" орталығының қатысушылары жауап берді.     

Күн соңында "Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі" КМҚК колледж студенттері балаларды залға шақырып, өз жұмыстары туралы айтып, креативті шаш үлгілерін көрсетті. Осы колледжді бітірген көптеген студенттер мен түлектер шаштараздар мен стилисттердің халықаралық байқауларында өз жұмыстарымен бөліседі екені аян болды.

 

Лагерьдің кураторы: Е. И. Прасоленко