Аталған іс-шараға 2 Ә сынып оқушылары да белсене қатысып, балғын қиялдары мен бар талғамдарын сынға салды. Мұнда оқушылардың жеміс-жидек, көкөністерден жасаған үздік бұйымдары мен алтын күздің керемет көріністерін қыл-қалам арқылы "балалар көзімен" сипаттаған шығармашылық жұмыстары байқаудың басты нысанына айналды.
Шығармашылық шеңберінен күздің әдемі көрінісі ғана емес, жәндіктердің күзгі тіршілігі де сырт қалмады. Айару Тыныбекова сымнан өрмекшінің торын жасап, оның қысқа дайындығын тамаша бейнелесе, Уашева Алуа, Сайранбек Аделя, Ерболат Дархан, Ерғали Дария жеміс-жидек, көкөністерден жұлдызқұрт, үкі, құмырсқа, ормандағы аңшының үйі мен кірпінің қыстық ас-суын жинап жатқан көрінісін көз алдымызға әкелгендей әсерде қалдырды. Ал сыныбымыздың болашақ суретшілері Бейсембаева Алиша, Бейсембаев Мансур, Болат Мансұр күз кереметтерін сурет және түрлі-түсті табиғи жапырақтардан құрастырылған жапсырма-суреттер арқылы тартымды баяндай білді.
Апталық соңында байқау жеңімпаздары Дипломдармен марапатталып, 2 Ә сыныбы мектеп әкімшілігінің Алғыс хатына ие болды.
Сынып жетекшісі: А.Молдаш.
22.10-29.10.21ж. күндері Павлодар қаласының 5 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сыныптары арасында "Алтын күз" іс-шаралар апталығы өтті.