Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар.
12-05-2022 12:39
Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы бойынша биылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Конституциялық реформа – Прези­дент­тің наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған саяси реформалар бағ­дар­ламасын жүзеге асыру үшін қол­ға алынған маңызды іс-шара. Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылмақ. Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен то­лық­тырулар жобасын белгілі заң­­гер-құқықтанушылар және конс­­титуциялық құқық саласы­ның ма­мандары әзірледі. Оған Конс­ти­туциялық Кеңес оң бағасын берді. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың бәрі өзара байланысты және бір мақсатты көздейді. Атап айтқанда, мынадай үдерістерге құқықтық негіз қалыптастыруға арналған: Суперпрезиденттік бас­қару үлгісі­нен президенттік респуб­ликаға түбегейлі көшу; Бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу; Парламенттің рөлін күшей­тіп, мәртебесін арттыру; Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту; Азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру. «Қазақстан Республикасының Консти­ту­циясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы республи­калық баспасөзде 6 мамыр күні ресми түрде жарияланды. Конституцияның қазіргі және жаңа нұсқаларының айыр­машы­лығын түсіну, ұсынылып отырған көптеген түзетудің байыбына бару мұндай істен хабары аз адам үшін қиындық туғызатыны анық. Сондықтан жұртқа ұғынықты болу үшін бұл түзетулер Ата Заңның нақты баптары мен тар­мақ­тары көрсетілген бірнеше бөлікке бөлінген. Суперпрезиденттік басқару үл­гісінен президенттік респуб­ликаға түбегейлі көшу Конституциялық реформа билік тармақ­тары арасындағы қарым-қатынас­тың тепе-теңді­гін және оңтайлы болуын қалыптас­тырады. Сондай-ақ президенттік институттың барынша дербес болуын қамтамасыз етеді.