«Қауіпсіз жол»
Ағымдағы жылдың 5 ақпаннан 29 ақпанға дейін жол-көлік оқиғаларын алдын алу, жазатайым оқиғаларды азайту, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, сондай-ақ жаяу жүргіншілер арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау мақсатында Павлодар қаласының аумағында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жоспарлануда. ЖПІШ кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Павлодар қалалық полиция басқармасы жолда абай болып, жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды!