Құқықтық сағат
24 сәуір 2025 жылы Павлодар қаласының КММ “№5 жалпы орта білім беру мектебінде” республика көлемінде өткізіліп жатқан “Жасөспірім” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Павлодар облысы ПД УКП бірінші бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Тайлаков Дамир Арманұлының қатысуымен құқықтық сағат өтті.
Тақырыбы: «Буллинг. Нашақорлық. Ауыр қылмыстар. Лудомания. Қауіпсіз жол.»
Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және балалардың құқықтарын қорғау.
Іс-шара барысында оқушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.
