«Халықаралық жарыстағы қола жүлде»
11 «А» сынып оқушысы Аршинов Даниил гандболдан Қазақстан құрамасының сапына еніп, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен Азияның IHF кубогының континенттік кезеңіне қатысты. Байқау нәтижесінде команда қола жүлдеге ие болды!
Даниилді осы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Біз ел намысын қорғаған спортшыларымызды мақтан тұтамыз!
