«Мамандықтар әліппесі» атты кәсіби бағдар сағаты
Қазақстанда Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін Еңбек күніне орай кітапханада «Мамандықтар әліппесі» атты кәсіби бағдар сағаты өткізілді.
Орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Микушина Л. С. біздің болашақ еңбек майталмандары – әзірге 6 «Б» сынып оқушыларына арналған қызықты шара ұйымдастырды.
Оқушылар әртүрлі мамандықтармен танысып, олардың маңызын білді, ата-аналарының қайда және кім болып жұмыс істейтінін әңгімеледі, еңбек туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріп, викторина сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ «Құралды жина да ата» атты ойынға қатысты.
Іс-шара соңында балаларға «Бола береді» мультфильмінен үзінді көрсетілді.
