Педагогикалық еңбек ардагерін Қарттар күнімен құттықтау
Бүгін 6 «Б» және 6 «В» сынып оқушылары мектебіміздің педагогикалық еңбек ардагері — Пояркова Валентина Ивановнаны Қарттар күнімен шын жүректен құттықтады.
Оқушылар ардагер ұстазға алғыс айтып, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық тіледі.
Ұзақ жылдар бойғы еңбегіне деген құрмет пен ризашылық белгісі ретінде Валентина Ивановнаға естелік сыйлық табыс етілді.
