Педагогикалық еңбек ардагерімен жылы кездесу
Бүгін, Қарттар күніне орай, 1 «А» және 3 «В» сынып оқушылары педагогикалық еңбек ардагері — Шацкая Галина Александровнаға барып, құрмет көрсетті.
Кездесу өте мәнді де әсерлі өтті.
Мұндай сәттер балаларды үлкенге құрметпен қарауға, ардагер ұстаздардың еңбегін бағалауға және мектеп тарихына қызығушылық танытуға тәрбиелейді.
