Сенім телефоны
87182546323
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Қазақстан – менің Отаным, туған жерім!» атты патриоттық сағат
22-10-2025 13:04
«Қазақстан – менің Отаным, туған жерім!» атты патриоттық сағат

Мектеп кітапханасында Қазақстан Республикасы күніне арналған
«Қазақстан – менің Отаным, туған жерім!» атты патриоттық сағат өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – 5 «Ә» және 6 «Ә» сынып оқушыларын еліміздің тарихымен, мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңдерімен таныстыру, Отан тарихына деген қызығушылықты арттыру, азаматтық пен отансүйгіштік қасиеттерді тәрбиелеу.

Кітапхана маманы мерекенің шығу тарихы, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму кезеңдері, сол жылдардағы экономикалық, әлеуметтік және мәдени бағыттағы негізгі міндеттер туралы әңгімеледі.
Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақ хандары», «Қазақ мемлекеттілігінің тарихы», «Қазақстан – Тәуелсіздік жылдарында» сияқты кітаптарға шолу жасалды.

Оқушылар іс-шара барысында белсенділік танытып, Қазақстанның тәуелсіздік тарихы бойынша сұрақтарға жауап берді.
Патриоттық сағат мектеп оқушылары орындаған Қазақстан Республикасының Әнұраны бейнеролигімен аяқталды.