2025 жылғы 5 қараша күні Павлодар қаласының №5 жалпы орта білім беру мектебінде тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары, педагогтар мен психологтарға арналған «Күн сайынғы құндылықтар: ар-ұжданмен өмір сүру» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – ар-ұжданның адам өміріндегі ішкі моральдық бағдар ретіндегі рөлін түсіну, сондай-ақ оқушылардың адалдық пен жауапкершілік қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін іздеу болды.
Қатысушылар қазіргі қоғамда ар-ұжданмен өмір сүрудің мағынасы мен мәні туралы пікір алмасып, педагогтың оқушыларға үлгі болу жауапкершілігі жайлы ой қозғады.
Бағдарламада тренинг-ойын, шығармашылық талқылау, рөлдік және тәжірибелік тапсырмалар қамтылды. Семинар соңында қатысушылар «Бағдаршам» әдісі арқылы рефлексия жасап, мұндай форматтың кәсіби және тұлғалық даму үшін маңыздылығын атап өтті.
«Күн сайынғы құндылықтар: ар-ұжданмен өмір сүру»
