Қорғаныс департаментімен өткен патриоттық кездесу
Қорғаныс істері департаментінің өкілдері 11-сынып оқушыларына «Біртұтас ел – біртұтас жер» тақырыбында Ерлік сабағын өткізді.
Сабақ барысында оқушыларға Қазақстанның аумақтық тұтастығын қорғаудың маңызы, Отан алдындағы жауапкершілік, әскери қызметтің мәні мен жастардың патриоттық рухын қалыптастыру мәселелері түсіндірілді.
Іс-шара жас буынның елге деген сүйіспеншілігін арттырып, азаматтық позициясын нығайтуға бағытталды.
