Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау отырысы
Мектебімізде ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету орталығының (ЦППР) отырысы өтті.
Жиын барысында ата-аналарға дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану, балалардың тәрбиесі мен психологиялық дамуын қолдау мәселелері бойынша пайдалы ұсыныстар берілді.
Кездесу ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, бала тәрбиесіндегі маңызды аспектілерді талқылауға мүмкіндік жасады.
