2025 жылғы 27 қарашада «Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Павлодар станциясындағы Көліктегі полиция бөлімінің ҮПБ аға инспекторы, полицияның аға лейтенанты Сайлаубеков Е.К. теміржол жолдарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, жеке қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ теміржол көлігі нысандарында оқыс жағдайлар мен жарақаттанудың алдын алу.
Дәріс барысында оқушыларға төмендегілер ескертілді:
-
теміржол жолдарын тек арнайы белгіленген жерлерден ғана кесіп өту қажет;
-
жүріп келе жатқан пойыздарға жақындау өте қауіпті;
-
теміржолда ойын ойнау, фотосессия жасау немесе себепсіз жүру қатаң түрде тыйым салынады;
-
рельстерді кесіп өту кезінде құлаққап пен мобильді құрылғыларды қолдану оқыс жағдайларға әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар, пойыздың бірден тоқтай алмайтыны ерекше атап өтілді — оның тежелу жолы жүздеген метрге созылады. Кез келген қателік немесе абайсыздық теміржолда қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
