Телефон доверия
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жаз - сүйікті жыл мезгілі.
14-07-2011 05:06
 Жаз - сүйікті жыл мезгілі.

  

Бір жылдың 12 айы яғни 4 жыл мезгілі бар. Әр маусым өз ерекшілігі, өз тартымдылығымен жақсы. Бірақ, мен үшін жаз - ең керемет мезгіл!

Қатал да ұзақ қыстың аязынан кейін жылы, мейірімді күннің көзін өте жақсы көремін!  Туған қаламның түрлі түсті гүлдермен әшекейленген көшелерін сүйемін. Ертіс жағасының ыстық құмнына аунап-аунап алып, өзеннің салқын суында малтуды жақсы көремін. Әжеммен бірге саяжайға барып, жеміс-жидектер, көкөністердің өсіп жатқанын көріп қуанамын. Мен оларға бар күшіммен өсуге көмектесемін: суарамын, арам шөпті жұламын, демалуын жеңілдету үшін, жерін мамықтаймын. Құстар қалай көңілді шырқайды! Сірә, олар да жазды сүйеді екен. Сонымен қатар, біздің мектептің жазғы лагеріне баруды ұнатамын. Сабақтар орнына бізді қызықты шаралар, серуендер, бәйге, викторина, байқаулар күтіп жатыр. Біздің  тәрбиешілер ешқашан шаршамайды!  Және жаңа достар саны көбиеді.       

Мен жазды өте сүйемін!  Өкінішке орай, жаз лезде өтіп кетеді.

Әрқашан күн сөнбесін! 

Әрқашан жаз бітпесін!

Болайық біз аман!

 

Иванова Надя, 3 отряд, № 5 ЖОББМ