Тәуелсіздік — ұлт құндылығы
16 желтоқсанда атап өтілетін Тәуелсіздік күні – қазақстандықтар үшін ерекше мәнге ие мереке. Бұл күн еліміздің тәуелсіздікке жету жолындағы күрделі тарихи кезеңдерін еске салады.
2021 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік күні елдің бостандығы жолында күрескен, ұлттық намысты қорғаған батырларды еске алу күні болуы тиіс екенін атап өтті.
Осыған орай мектеп кітапханасында Тәуелсіз Қазақстанға арналған «Біртұтас жер, біртұтас ел, біртұтас болашақ» атты еске алу сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың бойында азаматтық пен отансүйгіштік негіздерін қалыптастыру, достық, жанашырлық, ел өміріне деген ортақ жауапкершілік сезімін дамыту.
