«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» акциясы аясында №5 орта мектепте қауіпсіздік мәдениетін дамытуға және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Акция барысында «Біз цифрлық зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» флешмобы, қақтығыстарды зорлық-зомбылықсыз шешу жолдарын іздеуге арналған «Тоқта, кадр: финалды таңда!» форум-театры ұйымдастырылды.
Зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің белгісі саналатын қызғылт сары күнде оқушылар тақырыптық акциялар арқылы бастаманы қолдады.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектордың қатысуымен «Біз зорлық-зомбылық туралы не білеміз?» атты профилактикалық сабақтар, психологтармен оқушылардың пікірталас алаңы өткізілді.
«Саған қалай қарайды?» атты экспресс-сауалнама оқушылар арасында өзара сыйластық пен қарым-қатынас мәдениетін талқылауға мүмкіндік берді.
Акция аяқталғанымен, зорлық-зомбылықсыз әлем құру жолындағы әр қадам әрқайсымыздың күнделікті ісімізден басталады.
