Ұлттық ойындар – тәрбиенің бастауы
Ұлттық ойындар – жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызды құрамдас бөлігі. Оқушылар үзіліс кезінде ұлттық ойындарды үлкен қызығушылықпен ойнайды.
Мұндай ойындар балалардың ептілігін, зейінін дамытып, достық пен бірлік сезімін нығайтады.
1 «Б» сынып оқушылары асық ойынын меңгеріп, оны үлкен қызығушылықпен ойнап жүр.
Ойын арқылы балалар ұлттық мұрамен танысып, бір-бірімен келісімге келуді үйреніп, уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізуде.
