Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182546323
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Жаңа жыл – шаттық пен қуаныш мерекесі
26-12-2025 13:27
Жаңа жыл – шаттық пен қуаныш мерекесі

Бүгін 1–4 қазақ сыныптарының оқушылары үшін ерекше әрі ұмытылмас Жаңа жыл кеші өтті. Мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, балаларға көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады.

Кеш барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп орындады. Аяз ата мен Ақшақардың келуі мерекенің сәнін келтіріп, балалардың қуанышын еселей түсті. Балалардың жүзіндегі шаттық пен күлкі мерекенің шынайы көрінісіне айналды.

Аталған Жаңа жыл кеші балалардың өнерін шыңдап қана қоймай, олардың бойына сенім, достық пен бірлік сезімін ұялатқан тағылымды шара болды.
Мерекелік кешті жоғары деңгейде ұйымдастырған ұйымдастырушы Акимбекова Умут Қожаевнаға ерекше алғысымызды білдіреміз. Осындай әсерлі сәттер жүректерде ұзақ сақталып, жарқын естелік болып қалары сөзсіз.