Логика — ойлаудың негізі
Мектепте ЦППР ұйымдастыруымен ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың тақырыбы — «Логика — ойлаудың негізі».
Кездесу барысында логикалық ойлаудың баланың танымдық дамуына, оқу үдерісіне және күнделікті өмірде дұрыс шешім қабылдауына тигізетін маңызы талқыланды. Ата-аналарға пайдалы кеңестер беріліп, көтерілген сұрақтар бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Мұндай кездесулер ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, балалардың жан-жақты дамуына оң ықпал етеді.
