Мейірімге толы акция
Мектебімізде жануарларға көмек көрсету мақсатында азық-түлік пен пластикалық қақпақшаларды жинау акциясы өтті. Жиналған көмек «Дом-приют надежд» жануарлар панасына табысталды.
Акцияға белсенді қатысып, бейжай қалмаған барлық жанашыр жандарға зор алғысымызды білдіреміз! Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында бүгін панажайға азық пен қақпақшалар жеткізілді.
Әрбір қатысушыға шынайы ризашылығымызды білдіре отырып, келесі жылы да акцияға белсенді атсалысуға шақырамыз. Акция жалғасуда!
