Цифрлық білім беру жағдайындағы бағалау
Мектептің «Мүмкіндіктер мектебі» даму бағдарламасын іске асыру аясында «Білім беруді цифрландыру жағдайында бағалау жүйесі және педагогикалық талдау» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Кеңес барысында мұғалімдер білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда цифрлық құралдарды тиімді қолдану жолдарын талқылап, өзара тәжірибе алмасты. Сондай-ақ оқыту сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдар белгіленді.
