Телефон доверия
87182546323
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Тәрбие жұмысы – «Адал азамат» бағдарламасы аясында
31-01-2026 12:35
Тәрбие жұмысы – «Адал азамат» бағдарламасы аясында

Біздің мектептегі тәрбие жұмысы «Адал азамат» бағдарламасының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асырылады. Біз білім алушылардың бойында азаматтық жауапкершілік, рухани-адамгершілік құндылықтар, отансүйгіштік және белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастырамыз.

«Ұлттық Style» – оқушыларды ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрлермен таныстыратын жоба.
Тақырыптық көрсетілімдер, шеберлік сағаттары, ұлттық мерекелер арқылы балалар мәдени мұраға құрметпен қарауды және ұлттық болмысты сезінуді үйренеді. Бұл – ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға бастар жол.

«Ұрпақ үні» – көшбасшылық пен азаматтық белсенділікті дамыту алаңы.
Пікірсайыстар, қызықты тұлғалармен кездесулер, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы арқылы балалар өз ойын еркін жеткізуге, жауапкершілік алуға және қоғам өміріне белсенді қатысуға дағдыланады.

«Асық strike» – ұлттық ойындарды дәріптеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, командалық рух пен белсенділікті арттыру жобасы.
Бұл – ұлт дәстүрлерін жаңғыртып, балаларды біріктіретін және шабыттандыратын бастама.

Біз тұлғаны, саналы азаматты және елжанды патриотты тәрбиелейміз.