«Кітапты кітапханаға сыйла!» акциясы
Жыл сайын 14 ақпанда – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай мектебімізде «Кітапты мектеп кітапханасына сыйла!» акциясы бастау алады.
Бұл акция – Сіздің кітаптарыңыздың өмірін ұзартуға тамаша мүмкіндік. Акцияның басты мақсаты – кітапхана қорын балалар әдебиетімен толықтыру.
Мектеп кітапханасы СІЗДІҢ сыйға тартқан әдебиеттеріңізді ризашылықпен қабылдайды. Сыйға берілген кітаптарға өз аты-жөніңізді көрсетіп, естелік қолтаңба қалдыруыңызға болады. Сонда Сіздің кітаптарыңыз талай оқырманға қуаныш сыйлайтыны сөзсіз!
Міндетті шарт – кітаптар жақсы жағдайда болуы тиіс!!!
Акцияға белсенді қатысады деп сенеміз!
