Павлодар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларда бейбітшілік құндылықтарын, толеранттылықты және құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, сондай-ақ радикалды идеологиялардың ықпалынан қорғау. Кездесу барысында жастардың сыни ойлау қабілетін дамыту және жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Лектор ретінде Дінаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы ақпараттық-түсіндіру бөлімінің инспекторы сөз сөйледі. Ол діни экстремизмнің негізгі белгілері, жастарды деструктивті ағымдарға тарту тәсілдері және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау маңыздылығы туралы айтты.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бейбітшілік, өзара құрмет және жауапкершілік қағидаттарына негізделген азаматтық позициясын нығайтуға ықпал етеді.
