Жеңісіңізбен құттықтаймыз!
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет сарайының ұйымдастыруымен өткен «Аналардың ізімен» атты аймақтық ене–келін–немере арасындағы байқауға 11 ауыл мен аймақ қатысты.
Аталған байқауға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманова Әсем Ережепқызы 4 «Ә» сынып оқушысы қызы Теміржанова Айзарамен және әжесімен бірге қатысып, І орынға ие болды.
Жеңістеріңіз құтты болсын!
Отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс тілейміз!
