Сенім телефоны
87182546323
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша ата-аналар жиналысы
17-03-2026 11:10
Құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша ата-аналар жиналысы

2026 жылғы 16 наурызда «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру» тақырыбында мектептік ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыстың мақсаты: мектептің басқарушылық рөлін күшейту және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру арқылы құқық бұзушылықтарды алдын алу үшін бірыңғай жүйе құру.

Күн тәртібі:

  1. Құқық бұзушылықтардың динамикасы, проблемалық аймақтар, тәуекел топтары және оқушылардың бос уақытын талдау бойынша аналитикалық мәлімет.
  2. Ата-аналардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша жауапкершілігі, түнгі режим, кибербуллинг, дропперство, әкімшілік және материалдық жауапкершілік мәселелері.
  3. Құқық бұзушылық жағдайында әрекет алгоритмі, тәрбие ісі бойынша орынбасардың жеке жауапкершілігі.

Жиналысқа полиция өкілдері және мектеп мамандары қатысты.
Іс-шара Павлодар қаласының прокуратурасының үйлестіруімен, «Айқын нәтиже» жобасы аясында, Павлодар қаласының прокуратурасы, полиция департаменті және білім бөлімімен бірлесіп өткізілді.