«Түркі жазба тарихы» атты дөңгелек үстел
Сәуірдің 27-сі күні 10 «А» сынып оқушылары «Түркі жазба тарихы» атты
«дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Қатысушылар көне түрік жазбалары – халқымыздың рухани байлығы деген қорытындыға келді. Жұмыстардың әр түрі болды: презентациялар, рефераттар, қысқаша мәліметтер; оқушылар пікірталас жүргізді, өз ойларымен таныстырды... «Осындай шаралар біздің өрісімізді кеңейтеді, өте қызық болды», - деді бір-біріне риза болған балалар.
Мына оқушыларға алғыс айтамыз: Муқатов Асқарбек, Дрючин Михаил, Кравцов Захар, Гаммер Анатолий, Титов Александр және өте белсенді қатысқан Бекова Юлияға.