Телефон доверия
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Кітап хандығы – даналықтың мемлекеті
30-12-2015 01:36
Кітап хандығы – даналықтың мемлекеті

Оқу жылының аяғында мектеп кітапханашылары оқу залында 1-ші сыныптар үшін таңертеңгілік өткізді. Біздің өткізген іс шарамыз «Кітап хандығы – даналықтың мемлекеті » деп аталды. Таңертеңгілік «Бумажная», «Разноцветная», «Остров загадок», «Дом Всезнайки», «Книжкина больница» атты атауларымен бекет бойынша ойын-саяхаты түрінде өткізілді. Сонымен бірге ойын импровизациялары да қосылды. Біздің іс шара хатты оқумен басталды. Ол бірінші сынып оқушылары үшін кітапханаға келген болатын. Осыдан кейін кітапханашылар қатысушылармен бірге «Кітап хандығы даналықтың мемлекеті» елі бойынша кілем-самолетында ертегілік саяхатқа аттанды.

Бірінші аялдамада біз кітаптың пайда болуы туралы тарихты айтып өттік. Онда көне заманда кітапты құрастыру үшін қандай қадамдар жасалғандары айтылды. Балалар жануарлар мен өсімдіктер туралы жазатын жазушыларды танып-білді. Мектеп оқушылары бала күнінен өздеріне қандай кітап ұнағандары жөнінде айтып өтті. Бір аралда балаларға жұмбақты шешу арқылы ғана кітап хандығына бойынша жол ашылатын болды. Сол жолдан мүдірмей өттік.

Бірінші сынып оқушылары «Всезнайки» атты үйменде танысты. Ол әрине біздің кітапхана. Кітапханада олар қызықты да, түрлі-түсті және танымды кітаптардың барын көрді. Кітапханашылар оқушыларға жас талаптарына сай кітаптардың қандай сөрелерде жатқанын көрсетті. Балалар абонемент және оқырман залы, сонымен бірге оқырмандар формулярының неге керек екенін де білді «Книжкина больница» атты бекетте де болдық, онда кітапханашылар кітапқа ұқыптылықпен қарауларын, сонымен бірге оларды қалай дұрыс емдеу керек екенін айтып өтті. Кітапханашылар бір сөзбен айтқанда мектепте, көшеде, үйде өздерін қалай ұстау ережесімен таныстырды. Біз білетін, күнделікті қолданылатын сыпайы сөздерді бізбен бірге қайталап айтты. Таңертеңгіліктің аяғында ықылас танытқандарды кітапханаға тіркеп, жазып қойдық. Бірінші сынып оқушылары қолдарына кітаптарын ұстап көңілді қайтты. Барлық іс шараны мектеп кітапханашылары О.В.Ерменкова, Г.Ж:Ешовалар ұйымдастырып, өткізді.