«Қазақ тілі сабағында АКТ-ны тиімді қолдану»
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің облыстық шығырмашылық топтың кезекті отырысы 2015 жылдың желтоқсанның 9-шы жұлдызында Павлодар қаласының №5 ЖОББМ-де өткізілді.
Тақырыбы: «Қазақ тілі сабағында АКТ-ны тиімді қолдану»
Отырыстың мақсаты: шығармашылық топ мүшелерінің жұмыстарын қорғау.
Отырысқа Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдіскері Негманова Қ.У қатысты.
Отырысты облыстық шығармашылық топтың жетекшісі Павлодар қаласының №5жоббм-нің мұғалімі Идрисова Қ.Ш. жүргізді.
Отырыс өте қызықты да нәтижелі өтті. Әр топ мүшелері өз ойларын ортаға салды. Келесі отырыстың күні 2015 жылдың 22 желтоқсанына белгіленді.