Облыстық кітапханаға саяхат
Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында 12 желтоқсан күні «Тәуелсіздік-ел тірегі» атты көрменің ашылуы болды. Бұл салтанатты жиынға 5 «Д » - сынып оқушылары және сынып жетекшісі Әсемгүл Маратқызы Омарова қатысты. Осы аталған шарада оқушыларға, келген қонақтарға еліміздің бабалар аңсаған Тәуелсіздігі туралы айтылды және бұрынғы замандағы Қазақ елі және қазіргі Қазақстан туралы 4 секциядан тұратын көрмені көрсетті. Сынып оқушылары мұқият тыңдап, көрмені де қызыға қарады.Кітапхана жұмыскерлеріне жас оқырмандар Қазақстанның тәуелсіздікті алған тарихы туралы сұрақтар қойды.