ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
17 ақпан күні «Баянтау» спорт кешенінде Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ж.Мейрамғалиевтің құрметіне арналған самбо бойынша ашық қалалық турнир өткізілді. Турнирде Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларынан 36 спортсмен қатысты. Қыздар арасындағы 47 килограмм салмағында біздің мектебіміздің 7 «В» сыныбының оқушысы Гайнетдинова Марина 2 орынға ие болып, күміс медаль және құрмет грамотасымен марапатталды. Шын жүректен Маринаға спорттың ең биік шыңдарына қол жеткізуге тілектеспіз!