18 қыркүйек күні Павлодар қаласындағы №5 жалпы орта білім беру мектебінде 11 сынып оқушыларымен «22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні» мемлекеттік мерекесіне орай арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел «Тіл – достықтың құралы» атты тақырыпта өтті.
Дөңгелек үстелге 11 «А, Б» сынып оқушылары осы сыныптарда жұмыс жасайтын ұстаздар А.К. Макеева мен Г. М. Мажитова және қазақ тілі әдістеме бірлестігінің жетекшісі А. М. Омарова қатысты. Осы шараға 11 «А» сынып оқушылары Жакупова Карина, Приходько Алиса мен Смайл Нұр сөз алып, дайындаған презентацияларымен таныстырды.Смайлов Нұр бейне таспа арқылы Қазақстан Республикасында тұратын әр түрлі ұлттардың мәдениетімен таныса отырып, Қазақстанды жаңа қырынан таныды. Ең маңыздысы – оқушыларға Қазақстанда әр түрлі ұлтты халықтар бірлікте, бейбітшілікте, тыныштықта өмір сүріп жатқандарын тамашалай алды. «22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні!» - мемлекеттік мерекесіне арналған дөңгелек үстел мәдени диалог түрінде оқущылардың қатысуымен екі тілде өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті, сонымен қатар ол Қазақстан Республикасындағы барлық ұлттардың достығына өз үлесін қосты деп санауға болады.
ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІ