Тәлімгерлік мұғалімдердің дамуы мен жетілуіне көмек көрсетудің айтарлықтай тиімді. тәсілі болып табылады. Тәлімгерлік ойдағыдай іске асырылған жағдайда оқыту мен оқудың сапасы артады.
Тәлімгерлік мұғалімдердің дамуы мен жетілуіне көмек көрсетудің айтарлықтай тиімді. тәсілі болып табылады. Тәлімгерлік ойдағыдай іске асырылған жағдайда оқыту мен оқудың сапасы артады.
Осы мақсатта тәлімгерлік ету барысында №5 жалпы орта білім беру мектебінің оқу-ісі жөніндегі директордың орынбасары Н.К.Батталова өзінің білімімен, тәжірибесімен бөлісе отырып, тәлімалушысы Ә.М.Омароваға еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында кәсіби дағдыларын дамытып, табысқа ұмтылуына кәсіби қолдау көрсетті. Осының нәтижесінде тәлімалушы Омарова Ә.М. әріптестеріне тәжірибе алмасу мақсатында 2019 жылдың қарашаның 8-де 7"б" сыныбында ашық сабақ өткізді.