Құрметті ата-аналар!
«№ 11 Модульдік үлгідегі жалпы орта білім беру бейіндік мектебі»ММ 2020-2021 оқу жылына қазақ және орыс тілдерінде оқитын оқушыларды 1-сыныпқа қабылдауы туралы хабарлайды.
Өтініштер электронды форматта http://bilim-pavlodar.gov.kz/content/view/1/20706 сілтеме бойынша қабылданады (Қызмет «1 сыныпқа қабылдау»)2020 жылдың 1 маусымынан 31 тамыз аралығында сағ.9.00 ден 18.00ге дейін.
Ол үшін қажетті тіркейтін құжаттар:
1) ата-аналарының біреуінің өтініші (немесе басқа заңды өкілдердің) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жерін көрсете отырып, оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) туу туралы куәліктің электронды көшірмесі (егер бала 2008 жылға дейін туылса);
3) № 063/утүріндегі денсаулық жағдайы туралы құжаттарының электрондық көшірмелері, 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрінің міндетін атқарушы бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» №907, (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген),формы № 026/у-3,Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы бұйрығымен бекітілген «формы 026/у-3есепті толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» «Бала денсаулығының паспорты» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 тіркелген);
4) 3х4 см өлшемді баланың фотосуреті, 2 дана;
Қосымша ақпаратты мына нөмірлерге қоңырау шалу арқылы алуға болады: 324969, 324927 (сағ. 9.00 -16.00дейін).