Телефон доверия
87058890632
Адрес: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
35 жыл толуына орай 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесу
07-12-2021 18:30
35 жыл толуына орай 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесу

07.12.2021 жылы Қ. Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің білім ордасында бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 35 жыл толуына орай 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәгерлері болған филология ғылымының кандидаты, профессор Зейнулина Айман Файзуллақызы мен ұстаз Жакаева Сәуле Төлеубайқызымен кездесу ұйымдастырылып, мектеп ұжымы мен жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында тәуелсіздік жолында күрескен, тарих парақтарында есімдері қалған, сонау қиын – қыстау күндер жайлы естеліктер айтылып, қатысқан оқушыларға Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегені жайлы мәліметтер беріліп, сыр шертілді. Оқушылар тарапынан сауалдар қойылып, өз біліктіліктерін арттырды. Кездесу барысында мектебіміздің өнерлі оқушылары өз өнерлерін ортаға салып паш етті. Кездесуге келген құрметті де, сыйлы қонақтарымыз Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, шын жүректен өз ризашылықтарын білдіріп, жүрекжарды лебіздерін айтты.