Сенім телефоны
8 (7182) 500-686
email: school12.87@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 50 08 86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
Бір жылда3018815
Бір айда279982
Бір аптада62561
Кеше4171
Тәулік1410
Мектеп әкімшілігі
Молдашбекова Алма Канагатовна - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Молдашбекова Алма Канагатовна - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Жаратылыстану-математикалық циклдің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша мұғалімдер мен басқа да педагогикалық қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді.

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау мәселелерін бақылайды.

Сыныптарды жинақтау бойынша жұмысты үйлестіреді, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды.

Оқушылардың үйде оқуына жүйелі бақылауды жүзеге асырады, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқу-тәрбие процесін ұйымдастырады.

Оқушылардың мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтауын бақылайды.

     Педагог қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу табелін, педагог қызметкерлердің тарификациясын жүргізеді, қол қояды және мектеп директорына бекітуге береді.

   Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие үдерісіне ақпараттандыру мен цифрландыруды енгізу, "Kundelik", "Bilimland" уақытылы толтыру бойынша жұмысын үйлестіреді, аталған мәселе бойынша жоғары тұрған ұйымдарға құжаттама дайындайды.

Анесова Гульнарай Женисовна - директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары
Анесова Гульнарай Женисовна - директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Бастауыш сынып бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындалуы мен басқа да педагогикалық қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді.

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау мәселелерін бақылайды.

Сыныптарды жинақтау бойынша жұмысты үйлестіреді, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды.

Оқушылардың мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтауын бақылайды.

Бастауыш бойынша педагог қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу табелін, педагог қызметкерлердің тарификациясын жүргізеді, қол қояды және мектеп директорына бекітуге береді.

Гимназиялық сыныптарда, пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда жұмысты үйлестіреді.

         Оқушылардың жеке істері мен қатаң есептегі құжаттардың жағдайына бақылау жүргізеді.

Бурумбаева Майра Кыдырбековна - Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Бурумбаева Майра Кыдырбековна - Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

· Мектептің жалпы тәрбие үдерісін ұйымдастыру (2 ауысым);

· оқушы тәрбиелеу бағдарламасын жасау;

· мектептің тәрбие жүйесін құру;

· мектептің тәрбие жоспарын құру;

· мектептің қайырымдылық  кеңесінің жұмыстарын үйлестіреді:

· балалар мен ата-аналар қызығушылықтарын, қажеттіліктерін зерделеу жұмыстарын (педагогтермен, ата-аналар және қосымша білім беретін мамандармен бірге) ұйымдастырады және олардың табысты іске асырылуы үшін жағдай жасайды;

·Мектепте байқаулар, мерекелер, ұжымдық шаруашылық істердің өткізілуіне жауап береді;

· Оқушылардың көркем шығармашылығын , ДЖИ, ӨДЖД клубтарын , мерекелерді , оқушылар жорықтары  мен экскурсияларын ұйыдастырады;

· Каникулда оқушылар демалысының мазмұнды болуын ойластырады;

· Мұғалімдер мен сынып жетекшілері өткізетін сыныптан тыс іс-шараларға қатысып , талдайды.

· Директордың ОТЖ орынбасарымен бірге пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырады;

· Жалпы мектептік мәдени-тәрбиелік іс-шараларын өткізіп, ұйыымдастырады;

·Мектеп бойынша сыныптар кезекшілігін ұйымдастырады;

· Оқушыларды қалалық байқауларға қатыстыруды ұйымдастырады;

Куандыкова Айгуль Толеухановна - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Куандыкова Айгуль Толеухановна - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

    Отбасылық тәрбие мәселелері бойынша ата-аналар жұртшылығымен жұмысты, ата-аналар үшін ағарту жұмысын ұйымдастырады, тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ата-аналарды (оларды алмастыратын адамдарды) қабылдайды;

      Оқушыларды мектепке және үйге апаруды ұйымдастырады, тасымалдауды қажет ететін адамдардың тізімін, тасымалдау кестесін жасайды, ауыл әкімдігімен тасымалдау мәселелерін шешеді.

      Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің, мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметінің жұмысын басқарады, өз біліктілігін арттырады.

      "Салауатты өмір салты" бағытына жетекшілік етеді және СӨС үйлестірушісінің жұмысын бақылайды, оқушылардың, ата-аналардың СӨС дағдыларын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады.

     Оқушылардың оқу сабақтарына қатысуын, оқушылардың сыртқы келбетін бақылайды.

Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысының жоспарын бекітеді.

      Сынып ұжымдары мен сынып жетекшілері мектебі бойынша кезекшіліктің ұйымдастырылуын қадағалайды, кезекшілік кестесін жасайды.