Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87058890632
Адрес: Павлодар, ул. Щедрина, 60
8 71 82 22 88 12
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
среда с 14.00 до 16.00 часов
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
«Бір күндік ата - аналар жиналысы» өтті.
21-05-2022 14:18
«Бір күндік ата - аналар жиналысы» өтті.

Қ. Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің білім ордасында «Балаларды қорғау күнін» мерекелеу онкүндігін өткізу іс – жоспары бойынша 2022 жылдың 20 мамыр күні сағат 17:00, 18:00 - де қала көлемінде «Бір күндік ата - аналар жиналысы» өтті. Тақырыбы: 2021-2022 оқу жылының аяқталуы.
Күн тәртібінде:
1.9,11- сыныптардың қорытынды аттестаттау – А.Қ.Молдашбекова
2.Жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.- А.Қ.Молдашбекова
3.Мектептегі «Жазғы лагерьдің» жұмысын ұйымдастыру.- А.С.Такиева
4.Шағын концерт
Ата – аналар жиналысында директордың оқу ісінің орынбасары А.Қ.Молдашбекова 9,11- сыныптардың қорытынды аттестаттау мен жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен таныстырылым жасап, бұйрық түрлерімен таныстырды.
Директордың тәрбие ісінің орынбасары А.С.Такиева мектептегі «Балдырған» жазғы сауықтыру лагері туралы видеобаян мен презентация көрсету арқылы «Жазғы лагерь» мақсаты мен күн тәртібіне шолу жасалып, төлем ақы құнымен таныстырды.
Ата - аналар жиналысы барысында ата – аналар тарапынан «Жазғы мектепке» байланысты сұрақтар қойылып, сұрақтарына жауап берілді. Жиналыс соңында ата – аналар мектебіміздегі өнерлі оқушылардың концерттік бағдарламасын тамашалап, әр сынып бойынша сынып жетекшілерімен кездесу ұйымдастырылды.