Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Әдеби жанрлардың қай түріне болсын қалам тербеген, өмірі өлең, бөлек бір әлем, қара өлеңнің қасиетін арттырған жыр тарланы Қалижан Нұрғожаұлының туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Мәңгі өлмес жырымен із қалдырған» атты конференция ақын атындағ
16-12-2023 12:41
Әдеби жанрлардың қай түріне болсын қалам тербеген, өмірі өлең, бөлек бір әлем, қара өлеңнің қасиетін арттырған жыр тарланы Қалижан Нұрғожаұлының туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Мәңгі өлмес жырымен із қалдырған» атты конференция ақын атындағ

Әдеби жанрлардың қай түріне болсын қалам тербеген, өмірі өлең, бөлек бір әлем, қара өлеңнің қасиетін арттырған жыр тарланы Қалижан Нұрғожаұлының туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Мәңгі өлмес жырымен із қалдырған» атты конференция ақын атындағы киелі білім ордасының шаңырағында жоғары деңгейде өткізілді.Конференцияға ақын мұраларын ғылыми түрде зерттеп,танып біліп жүрген Филология ғылымдарының докторы, ПМПУ -нің профессоры Сүтжанов Сейфитден Назымбекұлы, Павлодар қаласының білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастырушылары мен өкілдері, Қалижан атамыздың жүрекке сезім ұялатқан жырларын дәріптеп жүрген оқушылар, ұстаздар қатысты. Кешіміздің шымылдығын «Ақынның сыйлығынан сөзі қымбат» облыстық айтыстың Бас-жүлде иегері Нұрбек Бәкірұлын «Қалижан атама» арнауымен ашып берді.Содан соң бүгінгі күні Алматы қаласында тұрып жатқан отбасы мүшелері зум арқылы байланысқа шығып, Қалижан атамыздың халық жүрегінде сақталған ұлағатты ісін, жүріп өткен жолы туралы әңгіме өрбітіп ,сыр бөлісті. Филология ғылымдарының докторы, ПМПУ -нің профессоры Сүтжанов Сейфитден Назымбекұлы «Қалижан- табиғат жыршысы» , қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Танбаева Н С «Қалижан Бекқожин – мысалшы» деген тақырыпта баяндама жасады. Конференция соңында Қазақтың көрнекті ақыны «Қалижан Бекқожиннің 110 – жылдығына арналған қалалық «Қалижан оқулары» байқауында топ жарып жеңімпаз, жүлдегер атанған оқушыларды дипломдармен марапаттап,ақын ұрпақтары атынан ақшалай сыйлықтар табысталды.