Телефон доверия
87058890632
Адрес: Павлодар, ул. Щедрина, 60
8 71 82 22 88 12
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
среда с 14.00 до 16.00 часов
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Наурыз думан!!!
18-03-2024 22:08
Наурыз думан!!!

Мектебімізде 1-11 сынып арасында Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті. Оқушыларымыз жаңару күніне мерекелік шара ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді терең меңгергенін көрсетті. Мектептегі өнерлі өрендер ән мен жырдан шашу шашты.

Ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден сыр шертетін әңгіме де айтылды, көрініс те қойылды, қазақы ойындарымыз да назардан тыс қалмады. Оқушылар асық ату, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, кір тасын көтеру, арқан тартудан бақ сынасты. Оқушылар мен мектептің ата-аналары мерекелік кешке аса ыждаһаттылықпен дайындалғаны көрініп-ақ тұрды.