Сенім телефоны
87058890632
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Наурызнама 10 күндігі аясында" мектебімізде 11-20 наурыз аралығында бір қатар шаралар ұйымдастырылып өткізіліп жатыр.
19-03-2025 17:42
  • "Наурызнама 10 күндігі аясында" мектебімізде 11-20 наурыз аралығында бір қатар шаралар ұйымдастырылып өткізіліп жатыр.
  • 14 наурыз «Көрісу күні – Амал мерекесі»і - Амал мерекесі. Бұл дәстүр негізінде еліміздің батыс өңірлерінде сақталған. Қазір бұл мерекені барлық аймақта тойлау ұсынылды.
  • 15 наурыз «Қайырымдылық» Бұл күнді ел бойынша қайырымдылыққа, мейірім мен тату көршілікке арнаймыз.
  • 16 наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні»Бұл күн мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналып, республика бойынша түрлі іс-шараларды өткізу жоспарланып жатыр.
  • 17 наурыз. "Шаңырақ күні". Осы күні отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар өтеді.
  • 18 наурыз.Ұлттық киімдер күні. Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шара өткізу ұсынылып отыр.
  • 19 наурыз.Жаңару күні. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды.
  • 20 наурыз.Ұлттық спорт күні. Бұл күні елдің барлық аймағында ұлттық спорттан түрлі жарыстар ұйымдастырылады.
  • 21 наурыз.Ынтымақ күні. Оның басты мақсаты - жалпы халық арасында бір-біріне деген сый-құрметті арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау.
  • 22 наурыз - Жыл басы. Бұл күні еліміздің барлық өңірінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, стильді этноауылдар мен түрлі жәрмеңке ұйымдастырылады. 
  •