Телефон доверия
87058890632
Адрес: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«Дармарка» қамқорлық акциясы өткізілді.
22-12-2025 12:19
«Дармарка» қамқорлық акциясы өткізілді.

2025 жылдың 19 желтоқсан күні Павлодар қаласының Қ.Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебінде экологияны қорғау, заттарға екінші өмір сыйлау және оқушылар арасында өзара көмек пен қайырымдылық мәдениетін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Қамқор» жобасы негізінде «Дармарка» қамқорлық акциясы өткізілді.
Аталған акцияға мектеп ұстаздары, ата-аналар және оқушылар белсене қатысып, өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында әрбір қатысушы өзі қолданбайтын заттарын сыйға тартып, сондай-ақ өзіне қажетті заттарды тегін алу мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен қатар шара аясында оқушылар үшін экология тақырыбында түрлі викториналар мен танымдық ойындар ұйымдастырылып, олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінді.