Телефон доверия
87058890632
Адрес: Павлодар, ул. Щедрина, 60
8 71 82 22 88 12
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
среда с 14.00 до 16.00 часов
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндік қорытындысы
27-11-2013 10:49
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндік қорытындысы

2013 жылдың 15-26 қараша аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі өтті. Онкүндікте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері пән бойынша тәжірибе алмасу сабақтарын және сыныптан тыс іс-шараларын өткізді.

22 қараша күні 6 «Б» сыныбымен Ш.С. Мальшубаева «Сын есімнен өткенді қайталау» сабағын өткізді. Сабағы деңгейлік тапсырмалар бойынша құрастырылған. Әр деңгейдің тапсырмалары жеңілден күрделіге қарай жасалынған. Деңгейлік тапсырмалармен қоса графикалық диктант, семантикалық карта және шығармашылық жұмыс тапсырмалары орындатылды. Оқушылардың әр тапсырмаға белсенділіктері, қызығушылықтары жоғары деңгейде болды. Сабақтың түрі бекіту сабағы болды. Сабақ барысында мұғалім жұмыстың көптеген түрлерін қолданды. Сабақ жүйелі, ойластырылып құрылған. 

7 «А» сыныбында Жұмабекова А.А. «Өздік есімдігінің түрленуі» атты  тақырыпта сабақ берді. Сабақтың мақсаты мен міндеті дұрыс қойылған және мұғалім қойған мақсатына жете білді. Сабақтың жабдықталуы, көрнекілігі сабаққа қойылатын талапқа сай жасалған. Сабағы методикалық тұрғыдан дұрыс құрылған. Оқушыларды сабағына қызықтыра білді. Жасалған жұмыс түрлері, қолданған әдіс –тәсілдері көп болды.  Сабақта пәнаралық байланыс болды. Сабақ топтық жұмыста өтті. Сабақ топтық жұмыста өтті. Сабақта ұйымдастыру бөлімі мен сергіту сәттері де қамтылған. 

5«А» сыныбымен М.А. Курмашева «Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік сөзі» атты тәжірибе алмасу сабағын өткізді. Бұл мұғалім сабағында жаңа технология мен әдіс-тәсілдерді ұтымды қолданды. Оқушылар топ бойынша қорғау жұмыстарын жасады. Мұғалім  сабақтың қызығушылықты ояту сатысында, мағынаны тануда, ой-толғаныс кезеңіндегі тапсырмаларда жеті модульді  пайдаланды. Шешендік сөздер арқылы пәнаралық байланысты да көрсетті. Оқушылардың топтық жұмыстағы белсенділіктері, қызығушылықтары, тапсырмаларды орындаулары, сабақтағы жауаптары көңілімізден шықты. Оқушылар жинақы, берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарайды. Сабағы өте жоғары деңгейде және ұйымдасқан түрде өтті.

7 «Ә» сыныбымен Н.С.Танбаева «Жүсіпбек Аймауытов «Әнші» әңгімесі жайлы сабақ өткізді. Мұғалім сабақта  интерактивті тақтаны кеңінен қолдана білді. Бұл сабақ та топпен өтті. Оқушылар әңгімеден әдеби-теориялық ұғымдарды, шығармаға сатылай кешенді талдау түрлерін өздіктерінен орындай алды.  Мұғалім бұрынғы кездегі әнші мен қазіргі кездегі әншіні салыстыру арқылы оқушыларға ой толғау тапсырмасын орындатқызды. Бұл тапсырмада оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білді. Сабақтың тақырыбы тақырыптық жоспарға сай жасалынған. Сабақ үй тапсырмасын сұраудан басталды. Оқушылар қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берді. Оқушылардың ауызша сөйлеу, тіл дамыту, жазу дағдылары қалыптасқан. Жаңа материалды игеруде әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабағын түрлендіре өткізе білді. Оқушылардың сабақтағы белсенділіктері жоғары болды. Мұғалім мен оқушылар арасында байланыс бар, бір-бірін жақсы түсінеді. Оқушылардың өздіктерінен жұмыс істеу қабілеттері жақсы дамыған. Сабағы тартымды әрі қызықты өтті.