
2013 жылы 21 желтоқсан күні Қ.Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің 1 сынып оқушылары арасында «Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікке үш сыныптан 66 оқушы қатысты. Оқушылардың тұңғыш сауатын ашқан, сүйікті оқулықтары Әліппеге деген сүйіспеншіліктері мен құрмет, сезімдері олардың мәнерлеп оқыған өлең шумақтарынан көрініс тапты. Осы аз уақыт ішінде оқуды, жазуды меңгеріп, ертегі, шағын әңгімелерді оқып, өлең жаттап, тілдерін жаттықтырғандарын, мазмұндауға үйренгендіктерін жақсы деңгейде көрсете білді. Әсіресе, оқушылардың қойған сахналық қойылымдары мен айтыстары, қыздардың мың бұрала билеген билері , өлеңдерді мәнерлеп оқулары көрермендердің көңілінен шықты. Оқушылар мерекеге үлкен жауапкершілікпен, жақсы дайындықпен , белсене қатысты.