11 және 21 ақпан аралығында мектебімізде ағылшын тілі пәнінің онкүндігі өтті.Пән мұғалімі Тоғызбаева Р.С 9 сыныптар арасында «Жұлдызды сәт» интеллектуалдық ойынын «English-speaking countries» тақырыбына өткізді.Осы сайыста ЖұмабаевАйзат және Бәкен Аяулым өз білімдерін жақсы көрсетіп,финал ойынында қатысты.
«English is around us» атты үнпарақтар сайысында 5 «А,Ә,Б», 6 «Ә», 8 «Ә»,
9 «Б» сыныптары белсенділік танытты
Пән мұғалімдері Оспанова А.Ж 5 «А» сыныбында,Тоғызбаева Р.С 9 «Ә» сыныбында «Музыка мені бақытты етеді» атты тәжірибе алмасу сабағын өткізсе, ал Асылбекова Ж.С 7 «А»сыныбында «Транспорт түрлері » атты тәжірибе алмасу сабағын өткізді. Мұғалімдер сабақта өз педагогикалық шеберліктерін көрсете отырып, сабақтарда СТО стратегияларын және оқушылардың шығармашылықтарын арттыруға арналған әдіс-тәсілдерді қолданды. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артты.
